«100 миллион жұмсалды»: Мерекелік шырша жұртты таңғалдырды

«100 миллион жұмсалды»: Мерекелік шырша жұртты таңғалдырды

«100 миллион жұмсалды»: Мерекелік шырша жұртты таңғалдырды
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысындағы Ақжар ауданының бұрынғы орталығы – Ленинград ауылының тұрғындары жаңа жылды ковролиннен жасалған шыршамен қарсы алды, деп жазды turkystan.kz 7152.kz-ке сілтеме жасап. Жаңажылдық шыршаның діңгегі жасыл түсті еден төсеніштерімен айналдыра оратылып, сыртынан ойыншықтармен безендірілген. Желі қолданушылары ленинградтықтардың жұрттан өзгеше етіп жасалған мерекелік шыршасын әзіл-қалжыңмен қағытып, оны безендіруге жергілікті бюджеттен бөлінген қаржының мөлшері туралы ойларымен бөлісе бастады.
«Шыршаға бюджеттен 100 миллион теңге жұмсалды» деп жазды қолданушылардың бірі. «Мүмкін, әкімдік кілемді жаңа жылға ауыстырған шығар, бірақ ескісін лақтырып тастамағаны дұрыс» десті жұрт. «Бізге лайықты шырша осы» деп жазды Солтүстік Қазақстан облысының тағы бір тұрғыны.