«Инвесторлық» визасы барларды автоматты тіркеу ұсынылды

ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Үкімет отырысы барысында ҚР-дағы инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар айтты. Бұл туралы Премьер-Министрдің ресми сайтында хабарланды.

Министр Қазақстанда 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап ЭЫДҰ, Еуропалық одақ елдері, Малайзия, Монако, БАӘ және Сингапур үшін 30 күнге дейінгі визасыз режим іске қосылатынын хабарлады.

Осыған орай СІМ визасыз кіруге құқығы бар, «инвесторлық» визалары бар азаматтарды автоматты түрде тіркеу жүйесін енгізуді ұсынады. Бұл Қазақстанның инвестициялық ахуалын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

Бұдан өзге, Қазақстанның ДСҰ-на мүше болып, ЕАЭО-ның белсенді қатысушысы және Еуропалық одақпен ынтымақтастықта болуына орай, барлық тиісті ведомстволардың қатысуымен Ұлттық сауда саясатының тұжырымдамасын әзірлеудің уақыты келіп жетті, бұл да әкімшілік кедергілерді азайтып, инвесторларды тартуға септігін тигізеді.

Back to top button