ШҚО-да той үстінде қарулы екі адам атыс шығарды (ВИДЕО)

ШҚО-да той үстінде қарулы екі адам атыс шығарды (ВИДЕО)

ШҚО-да той үстінде қарулы екі адам атыс шығарды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауылындағы мейрамханалардың бірінде  өткен тойда атыс болды, деп хабарлады turkystan.kz. Бейнежазбада той үстінде қарулы екі адам атыс шығарғаны көрінеді. Полиция департаментінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Шабуыл дұшпандық қарым-қатынас салдарынан жасалғаны белгілі болды.

Күдіктілер анықталды, бірі ұсталып, УҰИ-ға қамалды. Бұл дерекке қатысты ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы бап бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деп мәлімдеді ШҚО ПД өкілі.