Аяжан Еділованы өлтірген қылмыскер 25 жылға сотталды

Аяжан Еділованы өлтірген қылмыскер 25 жылға сотталды

Аяжан Еділованы өлтірген қылмыскер 25 жылға сотталды
ашық дереккөзі
Алматыда 19 жастағы студент Аяжан Еділованы өлтірген қылмыскер 25 жылға сотталды, деп хабарлады turkystan.kz Сот отырысы Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотында жабық өтті. Сотталушы Рахманберді Төребеков сот отырыстарында қызды зорламағанын, бірақ өлтіргенін мойындады.
«Төребековті 25 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза кесілсін. Зардап шеккен тараптың 26 млрд теңге көлемінде сұраған моральдық шығыны ішінара қанағаттандырылсын. Төребековтің есебінен зардап шеккендерге 20 млн теңге көлемінде моральдық шығын алынсын», – деді судья Еркін Майшинов.
Еске салайық, Аяжан Еділов биыл 19 наурыз күні жұмыстан шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен. Оны пәтеріне шақырған жігіт зорлап, өлтіріп, денесін бөлшектеп, мәйіттің әр бөлігін Алматының әртүрлі ауданына тастап кеткен.