АЭС: Қазақстан салуға келіссе, Германия жабуға кірісті

АЭС: Қазақстан салуға келіссе, Германия жабуға кірісті

АЭС: Қазақстан салуға келіссе, Германия жабуға кірісті
ашық дереккөзі
Бүгін Германияның солтүстігінде орналасқан Брокдорф атом электр станциясын қоса алғанда, 3 атом электр стансасы өшірілді, деп хабарлады turkystan.kz. Еске сала кетсек, ол елдегі АЭС жұмысын тоқтату туралы шешім 2011 жылы Жапонияның Фукусима атом электр стансасындағы апаттан кейін қабылданған болатын. Бундестагта дауыс беру кезінде бұл бастаманы 600 депутаттың 513-і қолдаған. Сол сәтте ең ескі реакторлар бірден тоқтатылып, қалған 9-ын кезең-кезеңімен жабу туралы шешім қабылданды. Биыл электр қуатын өндіруді тоқтататын Бавария, Төменгі Саксония және Шлезвиг-Гольштейнде орналасқан 3 АЭС-тен кейін қалған 3 АЭС келесі жылдың соңына дейін жабылады деп жоспарланған. Бұл ретте АЭС-ті тоқтатуға байланысты жұмыстар тағы бірнеше жыл жалғасады. Сондықтан Германия жаңартылған энергия көздеріне көбірек көшуді жоспарлап отыр. 2030 жылға қарай электр энергиясының 80 пайызы жел турбиналары, күн батареялары немесе биогаз қондырғылары арқылы өндіріледі деп болжанған.