Дәретханаға түсіп кеткен балаларды құтқарған полицей марапатталды

Дәретханаға түсіп кеткен балаларды құтқарған полицей марапатталды

Дәретханаға түсіп кеткен балаларды құтқарған полицей марапатталды
ашық дереккөзі
Түркістан облысында дәретханаға түсіп кеткен екі баланы құтқарған полицей Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды, деп жазды turkystan.kz. Оқиға былтыр мамыр айында болған болатын. Үш жасар ұлы мен сегіз жастағы қызы абайсызда ауладағы дәретханаға түсіп кеткен әйел полициядан көмек сұрайды. Оқиға орнына екі минутта жеткен тәртіп сақшылары Нұрдәулет Еділов, Асыл Ережепов және Айсұлтан Сапар балаларға көмек көрсетеді. Полицейлер бетоннан жасалған әжетхана еденін темір құрылғымен бұзды. Полиция капитаны Нұрдәулет Еділов 5 метр тереңдіктегі әжетхана ішіне түсіп, балаларды қауіпсіз жерге алып шықты. Бұл ерлігі үшін Нұрдәулет Еділов Нұр-Сұлтан қаласына арнайы шақыртылып, оған медаль табысталды.