«Отбасы банкіне» жаңа статус беріледі

«Отбасы банкіне» жаңа статус беріледі

«Отбасы банкіне» жаңа статус беріледі
ашық дереккөзі

28 желтоқсан күні ҚР Үкіметі отырысында «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Айдар Әріпхановтың мәлімдеуінше, «Отбасы банк» АҚ ұлттық даму институтына айналады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Тұрғын үй орталығының базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасымен біріктірілетін болады. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банк мәртебесін ұлттық даму институты мәртебесі бар банкке өзгерту жоспарланып отыр», - деді Айдар Әріпханов.
Тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң жобасы аясында «Отбасы банктің» негізінде тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады. Сол жерге әкімдіктің баспана кезегі тапсырылады. Орталық тұрғын үйге мұқтаж адамдарды есепке алуды жалғастырады. Холдинг басшысының айтуынша, «Отбасы банк» облыс әкімдерімен бірлесіп банк құралдары аясында даму әлеуеті төмен моноқалалардың тұрғындары үшін бастапқы жарнасы 10%, сыйақы мөлшерлемесі 2-5% болатын жеңілдетілген ипотека бағдарламасын әзірлейді. Өнімді құрудың жоспарланған уақыты - 2022 жылдың 1 тоқсаны. Сондай-ақ, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бағыты бойынша бүгінгі таңда 2021 жылы халыққа жалпы сомасы 1,1 трлн теңгеге 73 мың жеңілдетілген несие беріліп, оның ішінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 150 млрд теңге сомасына 13,6 мың қарыз берілгенін атап өткен жөн.