Футбол тарихындағы үздік шабуылшы кім?

Футбол тарихындағы үздік шабуылшы кім?

Футбол тарихындағы үздік шабуылшы кім?
ашық дереккөзі
Футболдағы жетістіктері үшін берілетін «Globe Soccer Awards» сыйлығының иегерлері анықталды. Салтанатты марапаттау рәсімі Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтті, деп жазды turkystan.kz. Шара барысында «Манчестер Юнайтедт» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду «Футбол тарихындағы ең үздік бомбардир» аталымында жеңіске жетті. Чемпионат агенттігінің мәліметінше, 36 жастағы португалиялық футболшы 2021 жылы 46 гол соққан. Футболшы осы маусымда премьер-лиганың 13 ойынында 7 гол соғып, екі нәтижелі пас берген. Сондай-ақ, португалдық Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі 5 ойында 6 рет мергендік танытты. Айта кетейік, Роналду спорттық мансабында «Спортинг», «Реал» және «Ювентус» клубтарында ойнаған. Клубтық деңгейде португалдық футболшы 913 матчта 687 гол салса, ұлттық құрама сапында 184 матчта 115 гол соққан.