Бір күнде екі дүкенді тонаған ұры ұсталды

Бір күнде екі дүкенді тонаған ұры ұсталды

Бір күнде екі дүкенді тонаған ұры ұсталды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда бір күнде екі дүкенді тонаған ұры ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz. Ол «Көктал» тұрғын алабы ауданындағы көкөніс дүңгіршегі мен азық-түлік дүкенін тонаған. Түнгі уақытта белгісіз ер адам дүңгіршектегі аспалы құлыпты бұзып, дүкенге кіріп, кассадан 15 мың теңге, 16 орам кептірілген жемістер мен 4 келі бал ұрлап кеткен. Дәл сол түні ол пластикалық терезені ашу арқылы дүкеннің ішіне кіріп, кассадан ақша, элиталық алкоголь мен темекі өнімдерін ұрлаған. Келтірілген материалдық шығынның көлемі 123 мың теңге. Күдікті ұрланған өнімдерді белгісіз адамдарға сатқан. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен бұрын бірнеше рет сотты болған 31 жастағы ер адам ұсталды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдікті ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қызметкерлері заттай дәлелдемелерді тәркіледі. Оның елорда аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.