Архимед Мұхамбетов өрттен 4 баланы құтқарған оқушыны марапаттайды

Архимед Мұхамбетов өрттен 4 баланы құтқарған оқушыны марапаттайды

Архимед Мұхамбетов өрттен 4 баланы құтқарған оқушыны марапаттайды
ашық дереккөзі
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өрттен 4 баланы аман алып қалған оқушы Олег Пирогқа жекелей алғыс айтып, грамота мен бағалы сыйлықтар тапсыру үшін өз қабылдауына шақырды, деп хабарлады turkystan.kz. Айта кетейік, бұған дейін 25 желтоқсан Қостанай облысындағы «Садовод» саяжайында орын алған өртте бесінші сынып оқушысы 4 баланы құтқарып алғанын жазған болатынбыз. Бұл туралы әкім Instagram-дағы парақшасында жазды.
«Құрметті достар! 25 желтоқсанда Қостанай қаласындағы «Садовод» саяжайында болған оқыс оқиға туралы бәрі оқыған шығар. Бесінші сынып оқушысы Олег Пирог өртеніп жатқан үйден төрт баланы аман алып қалды. Ертең Олегті ерлігі үшін алғыс айтып, өз қолымнан сертификат пен бағалы сыйлықтар тапсыруға шақырдым», - деді әкім өз жазбасында.
Сондай-ақ, өңір басшысы осындай батыл және нағыз адал азаматты тәрбиелеген ата-анасына ризашылық білдірді.