Атыраулық жұмысшы шыршаны кранда ілініп тұрып безендірді

Желіде Атыраудағы Исатай және Махамбет алаңдарына қойылған бас шыршаны безендіру сәті түсірілген сурет тарады, деп хабарлады turkystan.kz mgorod.kz порталына сілтеме жасап.
Instagram-дағы qumash_kz парақшасындағы суретте жұмысшының кранға ілініп тұрғаны көрінеді. Желі қолданушылары ол туралы жазбаға «Spider man өзгерген», «Технология көмегі», «Мереке үшін не істемейді?» дегендей пікірлер қалдырып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Порталдың мәліметінше, Атырау қаласының әкімдігі қауіпсіздік ережесін бұзғандарға шара қолданылатынын мәлімдеген.
«Жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтамау дерегі бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Шара қолданылады», – деп қысқа қайырды сөзін әкімдіктің баспасөз хатшысы Нұрислам Ғұмар.