Министрлікті көшіру үшін 3,5 миллиард теңге жұмсалмақ

Министрлікті көшіру үшін 3,5 миллиард теңге жұмсалмақ

Министрлікті көшіру үшін 3,5 миллиард теңге жұмсалмақ
ашық дереккөзі
Нұр-сұлтан қаласының оң жағалауында орналасқан Ауыл шаруашылығы министрлігін Министрліктер үйіне көшіру үшін бюджеттен 3,5 миллиард теңге бөлінген. Осы мақсатта Министрліктер үйінің бүтіндей бір бөлігі сатып алынған, деп жазды turkystan.kz. Аталмыш ведомствоның басшысы Ербол Карашөкеевтің айтуынша, көшіп-қонуға жұмсалатын қаржы ел бюджетінен бөлінген. Көшудің мақсаты – Министрліктер үйінде орналасқан өзге министрліктерге жақын болу.
«Сол жағалауда орналасқан Министрліктер үйіне көшіруге жағдай жасаған Үкіметке рақмет! Министрліктер үйінің 3-кіреберісін сатып алдық. Енді біз өзге әріптестерімізге жақын отырамыз. Сөйтіп, жұмыс барысында уақыт үнемдейміз», – деді Ербол Карашөкеев.
Шенеуніктің айтуынша, министрлікті көшіру үшін биыл қуаңшылықтан малы қырылған Қызылорда мен Маңғыстау облыстарына жем-шөп жеткізу, шаруалардың шығынын өтеу үшін бөлінген қаражаттың көлемі қысқартылмаған.