БАҚ пен желілерге жануарларды қорлаған видео жариялау – басыңа сор

БАҚ пен желілерге жануарларды қорлаған видео жариялау – басыңа сор

БАҚ пен желілерге жануарларды қорлаған видео жариялау – басыңа сор
ашық дереккөзі
Енді елімізде БАҚ, әлеуметтік желілер және мессенджерлерде жан-жануарларға қатыгездік жасалған видеоны жариялауға тыйым салынады. Бұл туралы жаңа заң жобасын Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешов таныстырды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Жануарларға қатыгездікпен қарауды насихаттау және (немесе) шақыру, оның ішінде баспа, аудиовизуалды және өзге де хабарламалар мен материалдарды пайда немесе пайдасыз жасау, көрсету, таратуға тыйым салынады» деп жазылған құжатта.
Демек, енді әлеуметтік желілердегі жануарларға зорлық-зомбылық фактісін тіркеген кез келген фото және бейнематериалдар осы нормаға жатқызылады. Оған қатысты пікірінде сенатор Мұхтар Жұмағазиев ветеринарларға фото және видоефиксация рұқсат етілгенін айтты. Тағы оқи отырыңыз: Жылқыны маңдайынан мылтықпен атып құлатқандар желіні шулатты
«Жануарларға жасалған қатыгездік видеосы тарап кетсе, оны балалар да, денсаулығы жоқ адамдар да қарайды. Норма осыны ескеріп енгізілген деп ойлаймын. Заңмен қабылданды. Жан-жақты зерттелді. Ешкім үндемеу керек деп айтпайды, бірақ ол видеолар қоғамға жағымсыз әсер етуі мүмкін», - дейді ол.