Абаев «орыс тілінің ықпалын азайтуға» қатысты пікір білдірді

Абаев «орыс тілінің ықпалын азайтуға» қатысты пікір білдірді

Абаев «орыс тілінің ықпалын азайтуға» қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
Президент Әкімшілігі ресейлік депутаттардың «Қазақстанда орыс тілі ықпалын азайту» туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев «Открытый диалог» жүргізушісіне кейбір ресейлік депутаттардың жаңа заң жобасына реакциясы туралы сұрағына жауап берді.
«Алдымен айта кету керек, кейбір ресейлік БАҚ-тағы заң жобасы туралы ақпарат біржақты, тіпті арандатушылық сипатта дер едім. Кейбір басылым тақырыптары «Қазақстанда сыртқы жарнамада орыс тілін қолданудан құтылады» дейді. Біз сыртқы жарнамада орыс тіліне тыйым салатын заң қабылдағандай. Ең өкініштісі, көп адам бұл қате ақпараттан басқа жаңалықтарды оқымайды. Олар бір тақырып бойынша қате пікір қалыптастырады. Шын мәнінде ешкім орыс тілін жоймайды. Біз тек қазақ тілін қолдануды міндеттейміз. Егер жарнама екі-үш тілде болса, ешқандай проблема болмайды. Неге депутаттар бұл мәселеге таңғалды, білесіз бе? Бүгінде сыртқы жарнамада, маңдайшаларда, мейрамханалар мәзірінде қазақ тілі қолданылмайды немесе дұрыс пайдаланылмайды. Қате жіберіледі. Сондықтан заң жобасында түпнұсқа аударма мен орфография нормаларын сақтау бойынша талаптар жазылған», - деді ол.
Айтуынша, бүгінде орыс тілін сыртқы жарнамаға қолдануда ешқандай проблема жоқ. Ал қазақ тілінде, өкінішке қарай, бар.
«Біз жағдайды түзетуіміз керек. Мемлекеттік тілдің қолданылуын неғұрлым сапалы бақылау есебінен қарастырамыз. Орыс тілінің ықпалын азайту туралы әңгіме жоқ. Біз тек мемлекеттік тілді сапалы және дұрыс қолдану үшін күресіп жатырмыз», - деп түйіндеді сөзін Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.
Еске сала кетсек, бұған дейін Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы Қазақстанда жекеменшік мекемелердің маңдайшасы, мәзірлер мен баға белгілері туралы ақпаратты қазақ тілінде жазу жоспарланып отырғанын түсіндірген болатын.