Бұрынғы қызын тонап кеткен ер адам ұсталды

Бұрынғы қызын тонап кеткен ер адам ұсталды

Бұрынғы қызын тонап кеткен ер адам ұсталды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 37 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлады turkystan.kz. Сотқа дейінгі тергеу барысында анықталғандай, күдікті ер адам жәбірленуші қызбен бұрын бірге тұрып келген және онда пәтердің кілті болған. Соны пайдаланған ер адам кешкі уақытта пәтер иесі үйде жоқ кезде теледидар мен зергерлік бұйымдарын жымқырып кеткен. Ұрыдан түсініктеме алынып, заттай айғақтар тәркіленді және қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.