Молдованың экс-президенті жауапқа тартылуы мүмкін

Молдованың экс-президенті жауапқа тартылуы мүмкін

Молдованың экс-президенті жауапқа тартылуы мүмкін
ашық дереккөзі
Молдованың экс-президенті Игорь Додон мемлекет ақшасын жымқыруға қатысты қылмыстық іс бойынша жауап алу үшін Бас прокуратураға шақырылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз хатшысы Марианна Керпек хабарлады.

Әңгіме Додон премьер-министрдің бірінші орынбасары және экономика министрі болған 2008 жылғы оқиғалар туралы болып отыр. Тергеу мәліметінше, сол кезде Молдованы электр энергиясымен қамтамасыз етуге жауапты «Энергоком» компаниясының басшылығы өзі басқаратын департамент қызметкерлерімен, Ұлттық энергетикалық реттеу агенттігімен және бірнеше шетелдіктермен келісімге отырған.

Олар бірігіп электр энергиясын сатып алу бағасын негізсіз жоғарылатқан деген күдік бар. Сол арқылы артық ақша иемденуге мүмкіндік беретін схеманы жүзеге асырған болуы мүмкін.

Айта кетейік, бұл схемадан мемлекетке келтірілген алдын ала шығын шамамен 12 миллион долларға бағаланып отыр.