Кентаулық оқушы қыздардың төбелесі жұрттың жағасын ұстатты

Кентаулық оқушы қыздардың төбелесі жұрттың жағасын ұстатты

Кентаулық оқушы қыздардың төбелесі жұрттың жағасын ұстатты
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде оқушы қыздардың төбелесі жұрттың жағасын ұстатты. Бұл оқиға жайында қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, жасөспірімдер арасындағы бұзақылықтың алдын алмасақ, болашақта түрмелер ел бұзарларға толады.
«Түркістан облысы Кентау қаласы №1 мектептің 8-сынып оқушысы Р. С-ны бірнеше қыз болып аса қатыгездікпен сабаған. Барлығын видеоға түсіріп тұрған. Оқиға болған орын - Кентау қаласы №22 мектептің территориясы. Қазіргі уақытта таяқ жеген 14 жасар оқушы қыз Кентау қалалық ауруханасының травматология бөлімінде жатыр», - дейді заңгер.
Заңгер Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа жергілікті полиция инспекторлары мектептерді аралап, «жастар арасындағы қылмыстың алдын алу бағытында» түсіндірме жұмыстарын өткізу керектігін айтты.
"Қыздың анасының айтуынша, дәрігерлер тиісті медициналық сараптамаларды бермей отыр дейді. Учаскелік полиция шағым алғанымен, одан ары іс қозғалмаған. Істі жылы жапқылары келеді дейді. Мектеп басшылығы тарапы да әзірге үнсіз. Анасының айтуынша, қызы мектепке барудан бас тартқан. Жақындары қыздың психикалық жағдайы алаңдатып отырғанын айтады", - деп жазды заңгер.