Елордадағы пәтерлердің 30%-ына қандала қаптап кеткен

Елордадағы пәтерлердің 30%-ына қандала қаптап кеткен

Елордадағы пәтерлердің 30%-ына қандала қаптап кеткен
ашық дереккөзі
Астаналық риелторлар жаға ұстатарлық цифрды жария етті. Қала пәтерлерінің 30%-ын қандала басып кеткен. Ал енді бұл қансорғыштар баспанаңызды бір рет жайлады екен, одан құтыла қою оңай емес. Қандала 9 ай өмір сүреді. Олардың көлемі 5 миллиметрге дейін жетеді. Алайда осы уақыт ішінде оның ұрғашысы 500-ге дейін жұмыртқа тастап үлгереді. Сондықтан қандала тез тарайды. Олар жиһазда, кілем мен киім-кешекте, төсек жабдықтарында өмір сүреді. Санэпидқадағалау департаментінің бас маманы Айбарша Дүйсенбайқызының айтуынша, елордада көп адам пәтер жалдап тұрады. Олар көшкенде қандала үй тұрғындарымен бірге бір үйден екіншісіне ілесіп барады. Қансорғыштардың астанадағы үйлердің үштен бірін жаулап алуының бір себебі осы.

Д. АСАУ