Тасқамал қорғаушы Даррен Диц «ЦСКА»-ға ауысты

Тасқамал қорғаушы Даррен Диц «ЦСКА»-ға ауысты

Тасқамал қорғаушы Даррен Диц «ЦСКА»-ға ауысты
ашық дереккөзі
«Барыс» хоккей клубының қорғаушысы Даррен Диц ЦСКА-ға ауысты, деп жазды turkystan.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап. 28 жастағы Диц «Барыс» сапында 2017 жылдан бері ойнап келді. Осы уақыт аралығында ол ҚХЛ-да жалпы 269 матчқа қатысып, 174 (67+107) ұпай жинады. Қазақстандық команда бұл ауысымнан ақшалай өтемақы алады. Диц - ҚХЛ-да ең көп жалақы алатын ойыншы. Ол жылына 100 миллион рубль табады. Айта кетейік, биылғы маусымда тасқамал қорғаушы ҚХЛ аясында 34 кездесуге қатысып, тоғыз шайба соқты және 12 нәтижелі пас берген болатын.