Атырау облысындағы ауылдарға дәріхана керек

Атырау облысындағы ауылдарға дәріхана керек

Атырау облысындағы ауылдарға дәріхана керек
ашық дереккөзі
Атырау облысынан 600 шақырым шалғай жатқан Құрманғазы ауданы Азғыр өңірінде бірде-бір дәріхана жоқ. Бұл туралы бірнеше рет мәселе көтерілгенімен шешімін таппай келеді, деп хабарлады turkystan.kz «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап. Соңғы бірнеше жыл тоғыз елді мекен - Сүйіндік, Егінқұдық, Батырбек, Жалғызапан, Асан, Үштаған, Азғыр, Балқұдық, Қоңыртерек тұрғындары дәрі-дәрмекті Атыраудан, болмаса аудан орталығынан әкеледі.
- Жағдай өте қиын. Бұдан үш-төрт жыл бұрын дәріханалар болған, олар жабылып қалды. Дәріхана маманы фармацевт дипломымен, кемінде үш жыл жұмыс жасаған еңбек өтілі бар және жеке кәсіпкер болуы керек. Ал ондай маман бізде жоқ. Мемлекеттік дәріхана болмай бұл жай шешілмейтін түрі бар. Депутаттар, аудан басшылығы мәселе етіп көтергенімен түк шықпай келеді. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшылығы жылжымалы дәріхана жібереміз дегелі көп болды, - дейді Сүйіндік округінің әкімі Қанат ҚҰЛШАР.
Ал өңірде акушер маманы жоқтығынан жүкті әйелдер аудан немесе облыс орталығына екі ай бұрын жіберіледі.