Полиция бірнеше бағыттағы көлік жолын жауып тастады

Полиция бірнеше бағыттағы көлік жолын жауып тастады

Полиция бірнеше бағыттағы көлік жолын жауып тастады
ашық дереккөзі
Ауа райының күрт нашарлап, шаңды дауыл болуына байланысты Жетібай-Шетпе тас жолында көру мүмкіндігі төмен болғандықтан тас жол күндізгі сағат 15:00-ден бастап уақытша жабылды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай Өтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау» көлік жолының 705-743 шақырым аралық учаскесі жабылды. Жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауларын, мұқият әрі сақ болуларын және аса қажеттілік болмаса ұзақ жолдарға шықпауларын сұраймыз!» - деп жазылған Маңғыстау облыстық ПД таратқан хабарламада.