Қорықшы қазасы: Полиция бір күдіктіні ұстады

Қорықшы қазасы: Полиция бір күдіктіні ұстады

Қорықшы қазасы: Полиция бір күдіктіні ұстады
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Серік Мәженовтің Бударин қорығындағы өліміне қатысты іс бойынша бір адам ұсталды, деп жазды turkystan.kz. Оқиғаның тағы бір қатысушысы іске куәгер ретінде қатысуда. Полицейлердің айтуынша, ол оқ атпаған.
«Күдікті – жалғыз. Тергеу әрқайсысының рөлін анықтап береді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде тексерулер мен тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деді облыстық Полиция департаменті.
Әзірге полицейлер бөлім бастығының өліміне әкеп соқтырған оқ аңшылық кезінде болған деген болжамды ұстануда. Өйткені орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы оқиғаның басқа себебін айта алмай отыр. Инспекция өкілдері болса, марқұмның қорықта аңшылықпен айналысып жүргенін емес, браконьерлерді қарауылдап барғанын алға тартады.
«Біз Серік Мәженовтің аңшылық жасады дегенге сенбейміз. Ол браконьерлердің жолына тосқауыл болған. Оның жанында қызметтік қаруы болды емес пе?» - деді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Қайрат Қадешев.
Естеріңізге салайық, қайғылы оқиға 14 желтоқсан күні Теректі ауданындағы Ақжайық ауылынан 15 шақырым жердегі Бударин қорығында болған. Полицейлер Серік Мәженовтің аң аулап жүріп абайсызда оққа ұшқанын хабарлады. Ал кейін ҚР Экология министрлігі оқиғаның қаруды абайсыз ұстау салдарынан болғаны туралы ақпарат таратты.