Ардагерлер Степняк қаласына Тайбұға хан есімін беруді ұсынды

Ардагерлер Степняк қаласына Тайбұға хан есімін беруді ұсынды

Ардагерлер Степняк қаласына Тайбұға хан есімін беруді ұсынды
ашық дереккөзі

Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерейтойының құрметіне орай, Қазақстан Ұлттық агроөнеркәсіп палатасының төрағасы Асылхан Игібаев, Біржан сал ауданы мәслихатының хатшысы Серік Шәуенов, «Соғыс және еңбек ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің Біржан сал аудандық төрағасы Еркін Сыздықов, «Ауған соғысы ардагерлері және мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігінің Біржан сал аудандық төрағасы Қази Шаужанов және ауыл шаруашылығы саласының мамандары, аудандық зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»: Ауылым – алтын бесігім» атты конференция өтті.

Мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған өлке» бағыты және ауылдық жерлерді дамыту, ауыл шарушылығын кеңінен насихаттау, туған жер, ауыл туралы түсініктерді кеңейту, ауылдық жерлерге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру. Конференция аясында Қазақстан Ұлттық агроөнеркәсіп палатасы аудандық ауыл шаруашылығы саласының мамандарын «Ауыл еңбегі үшін» медалімен марапаттады. Сонымен қатар, Степняк қаласына Сібір ханы - Тайбұға ханның есімін беру туралы мәселе көтерілді.  width= Конференцияның ұйымдастырушысы – Қазақстан Ұлттық агроөнеркәсіп палатасы және Біржан сал ауданының әкімдігі. Алқалы жиын Ұлттық агроөнеркәсіп палатасының баспасөз хатшысы, журналист Бақытбек Қадырдың модераторлығымен өтті. Конференция соңында «Соғыс және еңбек ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің Біржан сал аудандық төрағасы Еркін Сыздықов аудан халқына үндеу жолдады.
«2015 жылы ономастика саласындағы қатынасты реттейтін қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге талдау жұмыстарын жүргізу үшін зиялы қауым өкілдері, заңгерлер, Республикалық ономастика комиссиясының мүшелері, тәуелсіз сарапшылар, орталық және жергілікті атқарушы органдардағы тіл мәселесімен, оның ішінде ономастика саласымен айналысатын бөлім басшыларынан тұратын әр жерде жұмыс тобы құрылып, көптеген оң өзгерістер болғаны баршамызға мәлім. Осы ретте Тұғырыл хан – Оң хан және оның немересі Сібір хандығының негізін қалаған Тайбұға хан есімдері ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаевтың төрағалығымен 2021 жылғы 20 тамызда ономастика жұмыстарын жүргізу туралы өткен жиналыстың хаттамалық тапсырмасының 2.2-тармағын орындау мақсатында ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыратын әдістемелік ұсынымдарды, өзектендірілген «Тарихи тұлғалар» тізімін жұмыс барысында қатаң басшылыққа ала отырып қолдану, сондай-ақ идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасына еңгізілген болатын. Осыған орай, Ақмола облысының Біржан сал ауданындағы Степняк қаласының атауына Тайбұға ханның есімін беруді сұраймыз», – деді Еркін Сыздықов.
Бұл бастамаға Біржан сал ауданының ақсалдары да бірауыздан қолдау білдірді.