Сот үкім шығарарда Хаменованың жалғызбасты ана екенін ескерген

Сот үкім шығарарда Хаменованың жалғызбасты ана екенін ескерген

Сот үкім шығарарда Хаменованың жалғызбасты ана екенін ескерген
ашық дереккөзі
Атырау соты жемқорлық жасады деген күдікке ілінген облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова неге үйқамаққа алынғанын түсіндірді, деп жазды turkystan.kz.
«Сот күдіктінің жалғызбасты әйел екенін, Атырауда тұрғылықты мекенжайы барын, қылмыстық қудалау органдарынан жасырынбағанын және бұрын сотталмағанын ескерді. Ол кішкентай екі баласын жалғыз өзі тәрбиелейді. Сондай-ақ, қарт анасын бағып-қағып отыр», – деп мәлімдеді мамандандырылған тергеу соты.
Осыған байланысты сот Бақытгүл Хаменоваға қатысты үйқамаққа алу түрінде бұлтартпау шарасын таңдау қажет деген қорытындыға келген. Бұған қоса, қылмыстық қудалау органы сотқа күдіктінің бостандықта істі тергеуге кедергі келтіретінін немесе қылмыстық процесс қатысушыларына қысым көрсететінін дәлелдейтін айғақ ұсынған жоқ. Нәтижесінде сот күдікті тергеу мен соттан қаша алмайды деп шешті. Еске салсақ, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты іс Қылмыстық кодекстің 366-бабы, 2-бөлігі, яғни «Қомақты көлемде пара алу» бойынша тергеліп жатыр. Шенеунікті Атырауға Нұр-Сұлтаннан арнайы келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бір топ қызметкері ұстаған болатын.