Нұр-Сұлтан темір жол вокзалында механик қызметкері қаза тапты

Нұр-Сұлтан темір жол вокзалында механик қызметкері қаза тапты

Нұр-Сұлтан темір жол вокзалында механик қызметкері қаза тапты
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтандағы темір жол вокзалының 2-жолында электр тоғына соғылып, механик қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz. Желіде темір жолда механик тоқ соғып, көз жұмғаны туралы ақпарат тараған болатын. Болған оқиғаны Ішкі істер министрлігі көліктегі Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға 13.27-де болған. Ер адам Нұр-Сұлтан - Жезқазған бағытындағы №107 пойыз вагонының төбесіне көтеріліп, сол жерде электр тоғынан жарақат алып, көз жұмған.
Көліктегі Полиция департаменті бұл факті Нұр-Сұлтан стансасы желілік Полиция басқармасының бірыңғай сотқа дейінгі тергеу реестріне Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-тармағы (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, еңбектi қорғау қағидаларын бұзу) бойынша тіркелгенін түсіндірді.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу мүддесіне байланысты бұл іске қатысты өзге ақпарат жария етілмейді.