Ақтауда өртенген автобуста жолаушылар қаза тапқаны рас па? (ВИДЕО)

Ақтауда өртенген автобуста жолаушылар қаза тапқаны рас па? (ВИДЕО)

Ақтауда өртенген автобуста жолаушылар қаза тапқаны рас па? (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

9 желтоқсан күні WhatsApp мессенджерінде Ақтауда жол бойында жолаушылары бар автобус өртеніп кетті деген ақпарат тарады, деп хабарлады turkystan.kz. Алайда Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жандос Кенжебаевтың айтуынша, 9 желтоқсан күні сағат 17:31-де 1-шағынауданда «ПАЗ-320530» маркалы жолаушылар автобусы өртенген. Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшесі автобус ішінде жолаушылардың болмағанын мәлімдеген.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ (@aktau_akimat)

- Өрт сөндіру бөлімшесі келгенде, автобус салонында жолаушылар болмаған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Автобустағы жалын сағат 17:43-те сөндірілді. Өрттің неден пайда болғандығы анықталып жатыр. Қызыл жалынды сөндіруге Маңғыстау облысы ТЖ департаменті арнайы бөлімінің 8 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды. Ал Полиция департаментінен 3 қызметкер және 1 бірлік техника жұмылдырылды, - деді Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жандос Кенжебаев.