Алматылық шенеунік өзінің жүргізушісін сектор басшысы етіп қойған

Алматылық шенеунік өзінің жүргізушісін сектор басшысы етіп қойған

Алматылық шенеунік өзінің жүргізушісін сектор басшысы етіп қойған
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес алаңында Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің, сондай-ақ Алматы қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің нәтижелері қаралды. Кеңес мүшесі, Мәжіліс депутаты Наталья Дементьеваның айтуынша, Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының бұрынғы басшысы Айдар Беркімбаев жұмыстан босатылған соң сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарамастан «АлматыЖылуКоммунЭнерго» ЖШС-нің директоры болып тағайындалған.
«Ол жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын нашар жүргізгендіктен, «Восточка» ТК пәтерлері жылусыз қалып, тұрғындар митингке шықты. Сонымен қатар Айдар Беркімбаев аталған серіктестіктегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы сектордың басшысын жұмыстан шығарып жіберіп, оның орнына өзінің жүргізушісін тағайындаған», - деп мәлімдеді депутат.
Одан бөлек, жұмысқа салғырт қарағаны үшін Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев пен партияның Наурызбай аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Санжар Тоғайдың партиялық жауапкершілігі қаралатын болады. Сондай-ақ, Алматы қаласының әкіміне қалалық Жайлы орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевті тәртіптік жауапкершілікке тарту, ал партияның қалалық филиалына «АлматыЖылуКоммунЭнерго» ЖШС-нің директоры Айдар Беркімбаевты партия қатарынан шығару ұсынылды.

 Дәулет АСАУ