Өзбекстанда министрлік қызметкерлері төбетей киюге міндеттелді

Өзбекстанда министрлік қызметкерлері төбетей киюге міндеттелді

Өзбекстанда министрлік қызметкерлері төбетей киюге міндеттелді
ашық дереккөзі
Өзбекстан Мәдениет министрлігі қызметкерлеріне төбетей киюге бұйрық берді. Бұл туралы Мәдениет министрлігінің басшысы Озодбек Назарбеков мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау мақсатында жасалған.
«Әр халықта ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр, құндылықтарға құрмет болатыны тарихтан белгілі. Атап айтсақ, халқымыздың бас киім, беқасам шапан, жібек белбеу сынды ұлттық киімдері бүгінде де құндылығын жойған жоқ. Осы құндылықтарды ұстанып, ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін жаңа бастаманы қолға алдық. Қазір Мәдениет министрлігі қызметкерлері жұмыс орнында өзбектің ұлттық бас киімін киіп жүр», – деді Назарбеков.
Министр барлық сала өкілдерін, шығармашылық адамдарын, патриоттарды қарамағындағылардан үлгі алуға шақырды. Бұл шара елдің Конституциясы күніне орайластырылды.