Маңғыстау облысында шаңды дауылдан жол көрінбей қалған

Маңғыстау облысында шаңды дауылдан жол көрінбей қалған

Маңғыстау облысында шаңды дауылдан жол көрінбей қалған
ашық дереккөзі
Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрып, Жетібай-Шетпе тас жолы көрінбей қалды, деп хабарлады turkystan.kz.  Сол өңірдегі көлік жүргізушілері әлеуметтік желіге дауыл кезінде түсірілген видеолар жүктеген. «Хабар 24» арнасының мәліметінше, өңірдегі барлық трассалар ашық, ешқандай жол апаты тіркелмеген. Шаңды дауыл тек Жетібай-Шетпе тас жолының 96-шақырымында болған. Ауа райының қолайсыздығы туралы тұрғындарға алдын-ала хабарлама жіберілген, онда желдің жылдамдығы секундына 19-22 метрге жететіні айтылған.