Германияның жаңа канцлері тағайындалды (ВИДЕО)

Германияның жаңа канцлері тағайындалды (ВИДЕО)

Германияның жаңа канцлері тағайындалды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
8 желтоқсан күні бундестаг Германияның жаңа үкіметін бекітті. Социал-демократиялық партия (SPD) жетекшісі Олаф Шольц Германияның жаңа канцлері болып тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz. Ал жасылдар көшбасшысы Анналена Бербок сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Олаф Шольц 1958 жылы 14 маусымда Оснабрюкте (Батыс Германия) тоқыма кәсібімен айналысушының отбасында дүниеге келген. 1978-1985 жылдары Гамбург университетінде құқық мамандығын меңгерген. Оқуды бітірген соң «Циммерман, Шольц және серіктестері» компаниясында адвокат болып қызмет атқарған. 1998 жылы алғаш рет бундестагқа сайланып, 2000 жылдары Гамбург үкіметінде қызмет атқарды. 2007-2009 жылдары Германияның Еңбек министрі болды. Бұл қызметінде ішінара еңбекпен қамтылғандарға жәрдемақы тағайындау мәселесімен айналысқан. Сарапшылардың пікірінше, бұл әлемдік қаржы дағдарысы кезінде ел дамуына айтарлықтай көмегі тиген. 2011-2018 жылдар аралығында Гамбургтің мэрі, 2018 жылдан бастап вице-канцлер және қаржы министрі болды. Дағдарыспен күрестегі табысты саясаты оның танымал саясаткердерлің бірі атануына ықпал етті. 2020-2021 жылдары коронавирус пандемиясы жағдайында экономиканы қолдау шараларын әзірлеуге қатысты. https://twitter.com/i/status/1468493059180662784 Еске сала кетейік, бұған дейін 16 жыл Германия канцлері Ангела Меркель болды.