Қар тазалаймын деп адам өлтіріп алды

Қар тазалаймын деп адам өлтіріп алды

Қар тазалаймын деп адам өлтіріп алды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі 65 жастағы әйелді қар тазалап жатқан шағын көлік басып кеткені жайлы ақпарат таратты, деп хабарлады turkystan.kz. Ақпарат мәтініне қарағанда оқиға абайсызда болғанға ұқсайды. Дегенмен қайғылы жағдай бойынша тергеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ.
«7 желтоқсанда сағат 15:45 шамасында шағын қар тазалайтын көлік жүргізушісі Тілендиев даңғылының бойында қар тазалап жатып, артқа шегінгенде тротуармен келе жатқан 65 жастағы жаяу жүргіншіні басып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел сол жерде қаза тапты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», - деп жазылған хабарламада.