«Қаражат зейнетақы қорының меншігі емес» – А.Перуашев

«Қаражат зейнетақы қорының меншігі емес» – А.Перуашев

«Қаражат зейнетақы қорының меншігі емес» – А.Перуашев
ашық дереккөзі
Өткен аптада елімізде зейнетақы қорында қалуы тиіс соманың шекті мөлшері екі есеге көтерілді. Осыған орай, депутаттар да ең төменгі жалақы мөлшерінің зейнетақы төлеміне тікелей әсер ете алмайтынын айтуда, деп жазады turkystan.kz. Халық қалаулылары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бұл қадамын сынға алған салымшылардың сеніміне селкеу түсіргеніне сенімді.
«Қоғамды дүр сілкіндірген резонанс Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларымен кері байланыс жоқтығын көрсетеді. Бұл қаражат зейнетақы қорының меншігі емес. Бұл – миллиондаған адамның маңдайтері. Екіншіден, жұрттың зейнетақы қорының табыстылығына қатысты сұрағы көп. Халық өз қаражаты құнсызданып бара жатқан соң, қордан алып, қажетіне жұмсап жатыр. Соған байланысты қор қаражатты басқару жөнінде ашық жұмыс істеуі тиіс. Себебі, салымшылар оған сенуі керек. Өкінішке қарай, мұндай әрекетті көріп тұрған жоқпыз», – деді «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев.
Депутаттардың айтуынша, зейнетақы қоры шекті қаражат мөлшерін жарияламас бұрын Үкіметпен, салалық министрлікпен талқылау өткізу қажет еді. Керек болса, қоғамдық талқылау жүруі тиіс. Мәжілісмендер бұл математикалық формуламен есептеп қабылдай салатын шешім еместігін, әрбір қаражаттың артында мыңдаған адамның тағдыры тұрғанын айтады. Зейнетақы қорындағы өзгерістер туралы естіген жұрт қордың платформасы арқылы салымдарын алуға асықты. Үш күнде 46 мың адамнан өтініш түсіп, рекорд орнатқан. Қор өкілдері мұны әлеуметтік төлемдердің өсуімен түсіндірген. Бірақ, сарапшылар шекті мөлшердің ұлғаюын зейнетақы қорының мүшкіл жағдайымен байланыстыруда.