Қандастарға қажетті құжат қолдан жасалып келген

Қандастарға қажетті құжат қолдан жасалып келген

Қандастарға қажетті құжат қолдан жасалып келген
ашық дереккөзі
Қытай Халық Республикасынан келген қандастарға жоғары әлеуметтік және зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жалған еңбек кітапшаларын дайындаумен және сатумен айналысқан азамат ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz. Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері қандастарға қажет құжатты қолдан жасап келген 1971 жылы туған Исхан Ұлан есімді азаматты анықтады. Ол жалған құжат дайындаумен және сатумен айналысқан. Тексеру барысында ҚХР түрлі ұйымдарының мөртабандары мен мөрлерінің жалған баспа-таңбалары, нотариустың мөрі мен қолы бар нотариаттық бланкілері, кесуге арналған станок және оның көмегімен жасалған жалған құжаттар (еңбек кітапшалары, туу туралы куәліктер және неке қию туралы куәліктер), басқа да заттар табылды және тәркіленіп алынды. Агенттіктің мәліметіне сенсек, заңсыз әрекетке барған Исхан Ұлан сотталған.