Ердоғанды жарып жібермек болған кімдер?

Ердоғанды жарып жібермек болған кімдер?

Ердоғанды жарып жібермек болған кімдер?
ашық дереккөзі
Түркияның қауіпсіздік күштері сенбі күні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қатысатын митинг кезінде жарылуы тиіс бомбаны дер кезінде жойды, деп хабарлады Turkystan.kz. Митингте қауіпсіздікті қамтамасыз ететін полиция қызметкері қашықтан басқару бомбасын тауып алған. Полиция оқиғаға қатысты тергеу жүргізуде. Түркия президентіне қастандық жасамақ болған адамдар іздестіріліп жатыр.
«Мардинде жұмыс істейтін полиция қызметкерінің көлігінің астына жарылғыш зат қойылды. Сииртке келгенде, оны жару жоспары болған. Олар митингті бұзғысы келді. Бейбіт ортаны бұзуға тырысқандар бар», – деді билеуші «Әділет және даму» партия төрағасының орынбасары Хамза Даг CNN Turk эфирінде.
Сиирт елдің оңтүстік-шығысында орналасқан. Түркия президенті өз жақтастарының алдында сөз сөйлеу үшін осы қалаға келген. Қастандық жасамақ болған күдіктілерді жедел іздестіру шаралары басталды.