Екі елдің бас газеттері серіктестік туралы келісім жасасты

Екі елдің бас газеттері серіктестік туралы келісім жасасты

Екі елдің бас газеттері серіктестік туралы келісім жасасты
ашық дереккөзі
«Егемен Қазақстан» АҚ мен «Российская газета» баспасы өзара іс-қимыл туралы әріптестік келісімге қол қойды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Бүгінгі меморандум екіжақты ақпарат және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Аталған басылым - Ресейдің бас газеті. Яғни,  миллиондаған тиражы медиахолдинг. Сондықтан бұл келісім уақыт өте келе өз тиімділігін көрсетеді деп ойлаймын. Елордаға арнайы басылымның бірінші басшысы келіп отыр. Бұл - біздің елімізге қызығушылық танытып отыр деген сөз. Екіжақты келісімге келмес бұрын мәселе алдын-ала талқыланды», - деді «Егемен Қазақстан» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі.
Ендігі уақытта аталмыш ресейлік басылым Қазақстанда болып жатқан жаңалықтарды отандық медиахолдинг арқылы тікелей ала алады. Тиісінше көрші Ресейде болып жатқан жайттарға «Российская газета» басылымы арқылы жедел қол жеткізілмек. «Российская газета» басылымының бас директоры Павел Негоицаның айтуынша, келісімге келудегі басты мақсат – өзара ақпарат алмасу. Ресейлік газет – мемлекеттік басылым. Яғни, бюджет толықтай мемлекеттік. Аталмыш басылымның бағыты саяси-қоғамдық және құрамында бірнеше басылым бар. Шара соңында «Егемен Қазақстан» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі және «Российская газета» басылымының бас директоры Павел Негоица екіжақты серіктестік туралы келісімге қол қойды. Айта кетейік, «Егемен Қазақстан» ақционерлік қоғамының құрамына екі республикалық газет («Egemen Qazaqstan» және «Казахстанская правда») кіреді.