Курт Уэлдон: «Nur Otan» қазіргі қиын кезеңде әлемге көмектесетін жаңа қатынастар құру жолында

Курт Уэлдон: «Nur Otan» қазіргі қиын кезеңде әлемге көмектесетін жаңа қатынастар құру жолында

Курт Уэлдон: «Nur Otan» қазіргі қиын кезеңде әлемге көмектесетін жаңа қатынастар құру жолында
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институты ұйымдастырған «Қазақстанның партиялық-саяси жүйесінің эволюциясы: сын-қатерлер, жетістіктер мен келешегі» атты халықаралық форумында Республикалық партияның АҚШ Өкілдер палатасының экс-мүшесі Курт Уэлдон «Nur Otan» партиясы қазіргі қиын кезеңде әлемге көмектесетін жаңа қатынастар құру жолында екенін атап өтті.  – Өз басым Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси тұлғалығына тәнтімін. Кеңес Одағы кезінде Мәскеудегі Әлеуметтік ғылымдар академиясына шақырту алдым, сол кезден бастап ҚР Тұңғыш президентінің саяси жолын бақылып келемін. Қазақстан мемлекетін де ерекше жақсы көремін – тарихы терең, тұмса табиғаты тамаша, халқы қонақжай. Қазақстандағы білім ордаларын, университеттерді, ауыл шаруашылығын, тың технологияларын және басқа да салаларды көрдім, таныспын. Енді міне, 30 жылдық тәуелсіз тарихы бар жас мемлекеттің саяси күшін, саяси әлеуетін көріп, таңданып та, тамсанып отырмын. «Nur Otan» партиясы қазіргі қиын кезеңде әлемге көмектесетін жаңа қатынастар құру жолында. Қазақстан – 2021 жылғы стратегиялық маңызды мемлекет. Қазақстан – Орталық Азия, Таяу Шығыс, Қиыр Шығыс, Еуропа, Америка және әлемнің басқа да елдері арасындағы көпір болып отыр. Оған еш күмән жоқ, – деді сарапшы. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 29-30 қарашасында Нұр-Сұлтанда Nur Otan партиясының Қоғамдық саясат институты ұйымдастырған «Қазақстанның партиялық-саяси жүйесінің эволюциясы: сын-қатерлер, жетістіктер мен келешегі» атты халықаралық форумы өтті. Іс-шараға 600-ден астам шетелдік және отандық сарапшылар, саяси партиялардың, халықаралық ұйымдардың және 15 елдің, оның ішінде Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропа, Түркия, Әзірбайжан және Орталық Азия дипломатиялық корпусының өкілдері сайлау жүйелерін дамытудың өзекті мәселелерін, заманауи электоралдық трендтерді, дәстүрлі және балама идеологиялардың келешегін талқылау үшін панельдік сессияларға қатысты.