Коронавирустың жаңа штамы теңгенің құнсыздануына әсер етті - Ұлттық банк

Коронавирустың жаңа штамы теңгенің құнсыздануына әсер етті - Ұлттық банк

Коронавирустың жаңа штамы теңгенің құнсыздануына әсер етті - Ұлттық банк
ашық дереккөзі

Ұлттық банк теңгенің құнсыздануына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды turkystan.kz  24.kz-ке сілтеме жасап.

Оңтүстік Африкада коронавирустың «омикрон» штамының анықталуы және Африкамен арадағы әуе қатынасына салынған шектеулер теңгенің әлсіреуіне ықпал етті. Дәл осы шектеулердің салдарынан әлемдегі мұнай бағасының түсіп, акциялар бағамының өзгеруі мен дамушы елдердегі валюта құнсызданды. Оған қоса Еуропаның үш бірдей елінде коронавирус жұқтыру дерегі күрт артқандықтан локдаун жарияланған. Осының бәрі теңгеге әсер етпей қоймады.
Бұл мәлімдемені Ұлттық банктің монетарлық операциялар жөніндегі департаменттің директоры Нұржан Тұрсынханов жасаған. Оның сөзіне қарағанда мұнайға деген сұраныстың күрт төмендеуіне байланысты әрі жаңа шектеулердің салдарынан Брент маркалы мұнай бағасы дерлік 12 %-ке төмендеген. Яғни оның бағасы барреліне 82,2 доллардан 72,7 долларға дейін арзандады. Бүгін доллар бағамы 433,5 теңгеге бағаланды.