Сырдарияға батып кеткен көліктің ішінен жүргізушінің мәйіті табылды (видео)

Сырдарияға батып кеткен көліктің ішінен жүргізушінің мәйіті табылды (видео)

Сырдарияға батып кеткен көліктің ішінен жүргізушінің мәйіті табылды (видео)
ашық дереккөзі

Бүгін таңғы сағат 3:55 шамасында Сырдария өзеніне Део-Нексиа автокөлігінің түсіп кеткендігі жайлы облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне хабарлама келіп түскен.

Aikyn.kz сайтының жазуынша, оқиға Қызылорда қаласының «Рисмаш» мөлтек ауданы тұсында орын алған. Көлік ішінде 2 адам болған. Жолаушы 1994 азамат өз күшімен жағаға шыққан. Ал көлік жүргізушісі су астында қалып қойыпты. Оқиға басына жеткен жедел құтқару жасағының 5 қызметкері мен 1 техникасы су асты іздестіру жұмысын жүргізді. Жедел жасақ сағат 9:22 шамасында ресейлік нөмірлі Нексиа көлігін су астынан алып шықты. Көлік ішінен жүргізушінің мүрдесі табылған. Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің мамандары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. https://youtu.be/S079GFIBeFA