Павлодарда есірткі қабылдап алған автобус жүргізушісі ұсталды

Павлодарда есірткі қабылдап алған автобус жүргізушісі ұсталды

Павлодарда есірткі қабылдап алған автобус жүргізушісі ұсталды
ашық дереккөзі
50320
Павлодарда автобус жүргізушісі есірткі қабылдап, рульге отырған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz сайты. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Нұрмағамбетов көшесінде бағдаршамға тоқтап тұрған «ПАЗ-32053» автобусы жүргізушісінің оғаш мінезіне назар аударған. Салонда ешкім болмаса да, жүргізуші қолдарын ербеңдете бұлғап, шегі қата күліп, үнемі айналасына жалтақтаумен болған. Полицейлер тексеру үшін автобусты тоқтатты. Облыстық Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, медициналық куәландыру жүргізушінің есірткіге елітіп алғанын растады. Жүргізушінің айтуынша, ол ауырып тұрғандықтан, есірткіні ауырсынуды басу үшін қабылдап алған. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды. Материал сотта қаралып, сот қаулысымен жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды, сондай-ақ 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Айта кетейік, биыл мас күйінде көлік жүргізгені үшін облыста 1310 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары