Алматы облысында су қоймасының бөгетінде ақау шықты – ТЖМ

21 қарашада сағат 23.13-те Алматы облысының ТЖД-ға Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылының маңында Книжевского су қоймасы бөгетінде жарық пайда болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Су Қарғалы өзенінің арнасымен ағып кетуде, одан әрі Іле ауданының Күрті су қоймасына құяды (толтыру пайызы – 14%, жобалық көлемі-120 млн текше метр).

Алматы облысында су қоймасының бөгетінде ақау шықты – ТЖМ

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, үйлерді су басқан жоқ. Облыстық Мыңбаев – Қасымбек автожолы арқылы су тасқыны өтіп жатыр. Полиция қызметкерлері көлік қозғалысын шектеу үшін бекеттер орнатқан.

«Су көлемі азайып келеді. Қарғалы өзенінің арнасынан айналма жол жүріп жатыр. Қазіргі уақытта елдімекендерді су басу қаупі жоқ. Оқиға орнында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының, жергілікті атқарушы органдардың және басқа да мүдделі қызметтердің қызметкерлерімен бірлесіп, Төтенше жағдайлар министрлігі ғимаратында жою штабы құрылды», – деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button