Жаңалықтар

Үсті-басы қан болған: Өскеменде суицид жасамақ болған ер адам ұсталды

Өскемен қаласында полиция қызметкерлері көшеде денесі қан-жоса болып жалаңаш жүрген ер адамды ұстады.

Әлеуметтік желілерде Өскеменде үсті-басы қан болып, кеудесі жалаңаш жүрген ер адамның видеосы тарап кеткен.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары оны Михаэлис көшесінде тауып, ұстады.

«Анықталғандай, 37 жастағы азамат пәтерінің подъезінде суицид жасамақ болып, өз-өзіне дене жарақаттарын келтірген. Қазіргі уақытта Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Іс бойынша тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды», – делінген ақпаратта.

Ведомство өкілдері ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етілмейтіндігін мәлім етті.

Back to top button