Жаңалықтар

Алматыда 30 мыңнан астам ата-ана балаларын вакциналауға рұқсат берді

30 мыңнан астам алматы тұрғыны балаларына Pfizer вакцинасын салуға рұқсат берді. Бұл туралы брифингте Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Алматыда 12 жастан 17 жасқа дейінгі 170 мың бала бар. Оның ішінде ата-аналардың 20 пайызы, яғни 30 мыңнан астам ата-ана балаларға Pfizer вакцинасын салуға келісім берген. Бірақ бұл көрсеткіш артады. Біз вакциналауға жауапты 20 медициналық ұйымды таңдадық, мамандандырылған бригадалар мектептерге баратын болады», – деп түсіндірді Светлана Сұлтанғазиева.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы әкелінді.

Back to top button