Жаңалықтар

Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді

Елімізге Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді, – деп хабарлайды turkystan.kz  tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Бүгін 379 мың доза келді, ертең ел өңірлері бойынша үлестіру басталады. Қазақстан жалпы 4 миллион 230 мың доза Pfizer вакцинасын сатып алды, олар 2 миллион 115 мың жүкті, бала емізетін және жасөспірімдерге арналған. Қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен сақтау үшін арнайы мұздатқыш камералар сатып алынды, онда вакцина минус 90 градус температурада сақталады», – деді «СҚ Фармация» баспасөз қызметінің басшысы Әйгерім Смайылова.

Back to top button