50409
Премьер-министрге қастандық жасалды
Премьер-министрге қастандық жасалды
7 қарашада, жексенбіге қараған түні Ирак премьер-министрі Мұстафа әл-Казымиге қастандық жасалды. Ел үкіметі басшысының резиденциясына ұшқышсыз басқарылатын құралмен соққы жасалды.
Ирактың қауіпсіздік органдарының мәліметінше, саясаткер жараланбаған. Ол Twitter-дегі парақшасында бәрі жақсы екенін хабарлап, Ирак тұрғындарын сабырға шақырды.
Ал Бағдадтағы Al Arabiya телеарнасының тілшісі Ирак премьер-министрі жарақат алғанын мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости жазды. Тілшінің айтуынша, әл-Касими ауруханаға жеткізілген, оның күзетшілері де жарақат алған.
Ирактың Shafaq агенттігі қауіпсіздік органдарындағы дереккөзге сілтеме жасай отырып, үш күзетші зардап шеккенін хабарлады.
Al Arabiya телеарнасы ұшқышсыз ұшатын аппарат ұсталғанын хабарлады.