Жаңалықтар

Премьер-министрге қастандық жасалды

7 қарашада, жексенбіге қараған түні Ирак премьер-министрі Мұстафа әл-Казымиге қастандық жасалды. Ел үкіметі басшысының резиденциясына ұшқышсыз басқарылатын құралмен соққы жасалды.

Ирактың қауіпсіздік органдарының мәліметінше, саясаткер жараланбаған. Ол Twitter-дегі парақшасында бәрі жақсы екенін хабарлап, Ирак тұрғындарын сабырға шақырды.

Ал Бағдадтағы Al Arabiya телеарнасының тілшісі Ирак премьер-министрі жарақат алғанын мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости жазды. Тілшінің айтуынша, әл-Касими ауруханаға жеткізілген, оның күзетшілері де жарақат алған.

Ирактың Shafaq агенттігі қауіпсіздік органдарындағы дереккөзге сілтеме жасай отырып, үш күзетші зардап шеккенін хабарлады.

Al Arabiya телеарнасы ұшқышсыз ұшатын аппарат ұсталғанын хабарлады.

Back to top button