сейсенбі, 8 сәуір, 2025

Қазақстанда тағы өңір "қызыл аймақ" санатына өтті

/
ашық дереккөзі
Қазақстанда тағы өңір "қызыл аймақ" санатына өтті 6 қарашадағы жағдай бойынша коронавирусқа қатысты Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Соған сәйкес Қызылорда облысы "жасыл" аймаққа, Қостанай облысы "қызыл" аймаққа ойысты. "Қызыл" аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. "Сары" аймақта : Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан. "Жасыл" аймаққа: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары енді.
Бөлісу: