Нұр-Сұлтанда тағы бір көшеде біржақты қозғалыс енгізіледі

Нұр-Сұлтанда тағы бір көшеде біржақты қозғалыс енгізіледі

Нұр-Сұлтанда тағы бір көшеде біржақты қозғалыс енгізіледі
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласында тағы бір көшеде біржақты қозғалыс енгізіледі. Бұл туралы «City Transportation Systems» компаниясы хабарлады. «13 қарашадан бастап Нұржол бульварынан Қонаев көшесіне дейін («Сулы-жасыл желекжол» тұрғын үй кешені бойымен) біржақты қозғалыс енгізіледі. Бұл шешім тұрғын үй кешені тұрғындарының көптеген өтініші бойынша көліктің кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды», - делінген компания мәліметінде. Аталған шешім «Есіл» ауданы әкімдігімен және «City Transportation Systems» ЖШС-мен бірлесіп қабылданған. «Жүргізушілерден сақ болуды және жол жүру ережелерін сақтауды сұраймыз», - делінген аталған компания жариялаған мәліметте.