Жаңалықтар

Ғарышқа аттанған тұңғыш киноэкипаж Қазақстан жеріне қонды (видео)

5 қазанда Байқоңыр айлағынан ғарышқа аттанған «Союз МС-18» Жерге оралды. 

Космонавт Олег Новицкий, киноэкипаж мүшелері актриса Юлия Пересильд пен режиссер Клим Шипенко 7.14-те (Нұр-Сұлтан уақытымен) халықаралық ғарыш станциясынан Жерге аттанды. Ғарыш кемесі Жазқазған қаласынан 148 шақырым жерге 10.35-те қонды. Оларды  «Роскосмостың» басшысы Дмитрий Рогозин қарсы алды. Ғарыш кемесінің Жерге оралу сәтін Бірінші арна мен RT трансляциялады.

Back to top button