Қырғыз Республикасында «Абай мәдени-іскерлік үйі» ашылды

Қырғыз Республикасында әлем бойынша алтыншы «Абай мәдени-іскерлік үйі» ашылды.

Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары Қазыбек Иса мен Мақпал Тәжмағамбетова, «Отандастар қорының» Президенті Нұртай Әбіқаев, Қырғыз Республикасындағы қазақтар қауымдастығының төрағасы Гүлшат Асылбаева қатысты.

a63ee533 45ed 4cf7 9e9c 8fd99c6f6aae

«Abai Uii» саяси немесе коммерциялық жоба емес және Қазақстан Республикасының жеке және/немесе заңды тұлғалары мен отандастардың шетелде тұратын елдері арасындағы байланыстарды дамыту және нығайту мақсатында әрекет етеді. Шетелдегі қазақ ұлттық-мәдени орталықтарын бірыңғай желіге шоғырландыру арқылы халықтық мәдени мұрамызды көпшілікке кеңінен танытумен қатар алыс-жақын шет елдердегі қазақ диаспоралары және отандастармен мәдени-гуманитарлық және іскерлік байланыстарды нығайту, дамыту және кеңейтуді мақсат етеді.

Back to top button