Жаңалықтар

Атырауда полиция көлігі өртенді (видео)

Әлеуметтік желіде өртеніп жатқан полиция көлігінің видеосы жарияланды. Кадрлар Атырауда түсірілгені белгілі болды, деп хабарлайды Turkystan.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Кадрдан көліктің қала көшелерінің бірінде жанып жатқанын көруге болады. Автомобиль жанында өртсөндіргіштер тұр.

Атырау полиция департаменті өкілдері оқиға 1 қазанда сағат 18.30-да Азаттық көшесінде болғанын хабарлады.

«Nissan Almera автокөлігінен өрт шықты. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрт тұйықталу салдарынан болған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Back to top button